Accessibility links

АҚШ өкілі Митчелл Иерусалимде Нетаньяхумен кездесті


АҚШ-тың Таяу Шығыстағы өкілі Иерусалим қаласында Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен келіссөздер жүргізді. Джордж Митчелл бұл аймаққа Израиль мен Палестина арасындағы келіссөздерді жалғастыру мақсатында қайта оралды.

АҚШ мемлекеттік департаменті Иерусалимдегі келіссөздер сәтті өтті деп хабарлады. Митчелл мен Нетаньяху бүгін тағы да кездеседі.

Бұған қоса Митчелл Палестина президенті Махмуд Аббаспен кездесуді жоспарлап отыр. Палестина басшысы Израильдің жаңа ауданның құрылысын тоқтатудан бас тартуына байланысты екіжақты келіссөздерден шыққан болатын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG