Accessibility links

Қазақ-қырғыз шекарасы әлі ашылған жоқ


Қазақ-қырғыз шекарасы бейсенбі күні таңертең ашылған жоқ деп хабарлады Азаттық радиосына Қырғызстан шекара қызметі басшысының орынбасары Чолпонбек Турусбеков. Оның айтуынша, қырғыз-өзбек шекарасы да жабық тұр.

Бұған дейін Қырғызстанның уақытша үкіметі аппаратының шетекшісі Еділ Байсалов, Азаттық радиосына берген сұхбатында, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Қырғызстанның уақытша үкіметінің басшысы Роза Отунбаева қазақ-ғырғыз шекарасын 5 мамырда ашу туралы келіскен деп мәлімдеген еді.

Қазақ-қырғыз шекарасы 7 сәуірде Бішкектегі оқиғалардан соң жабылған болатын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG