Accessibility links

Грекия биліктің шығындарын күрт қысқартады


Бүгін Грекия парламентінде мемлекеттік шығындарды күрт қысқарту туралы үкіметтің жоспары дауысқа қойылады.

Мұндай жоспарды қабылдау – Грекияға 110 миллиард еуро мөлшерінде халықаралық көмек берудің шарты болып табылады. Грекия ауыр қаржы дағдарысын бастан кешу үстінде, оның бюджетіндегі тапшылық еуро валютасының тұрақтылығына қатер төндіріп тұр.

Кеше Афинаның орталығында қақтығыс болды. Үкіметтің экономикалық шараларына қарсы наразылық шеруіне шыққан халықты қуып тарату үшін полиция көзден жас ағызатын газ қолданды.

Бір топ адам бірнеше ғимаратты өртеді. Банктердің бірінен шыққан өрттен 3 кісі қаза тапты.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG