Accessibility links

Үндістан: Мумбайға шабуыл жасаған содыр өлімге кесілді


Бүгін Үндістан соты 2008 жылдың қарашасында Үндістанның Мумбай қаласына жасалған террористік шабуылға қатысты деп танылған пәкістантандық Мохаммад Аджмаль Касабты өлім жазасына кесті.

Касаб – қастандық шабуылды жүзеге асырған 10 содырдың ішінен жалғыз аман қалғаны. Экстремистер Мумбай қаласындағы бір қонақ үй мен темір жол бекетіне және еврейлердің мәдени орталығына шабуыл жасады. 166 адам құрбан болды.

Касаба өзіне тағылған айыптың 80-нен астам сәті бойынша айыпты болып танылды. Үкім соттың жоғарғы сатысы бекітуге тиіс.
XS
SM
MD
LG