Accessibility links

Қ.Бакиевтің ұлдары әзірше қолға түспеген


Қырғызстанда биліктен қуылған президенттің жақын маңайында болған 20-ға жуық адам ұсталды.

Ұлттық қауіпсіздік қызметінің төрағасы Кенешбек Душебаев хабарлағандай, барлығына да ресми айыптар тағылып, қазір олар тергеу абақтысында отыр.

Сонымен бірге, деп мойындады Душебаев, Құрманбек Бакиевтің бауырлары мен ұлдары әзірше қолға түспеді. Бішкектегі халық толқуы кезіндегі 80-нен астам адамның қазасына жауапты деп айыпталған Бакиевтің өзі қазір Беларуссияны паналап отыр.

Бүгін Беларуссияның ішкі істер министрлігі әзірше оны ұстап беру туралы сұрау келіп түспегенін мәлімдеді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG