Accessibility links



Мәжіліс депутаты Светлана Ферхо 2010 жылы 5 мамырда Президентке жеке басы мен мүлкіне қол тигізбейтін «ұлт көшбасшысы» мәртебесін беруді ұсынды. Заң маусымның 25-іне дейін қабылданады. С.Ферхоның шабыттанғаны сондай, ұятты жиып қойып, «ұлт көшбасшысын» Гандимен салыстырды...



ГАНДИ


Мохандас Карамчанд Ганди 1869 жылы 2 қазанда Порбандарда, қазіргі Гуджаратта дүниеге келген. Халық көзі тірісінде-ақ Махатма, яғни «Ұлы жан» деп атады. Адамзатқа ортақ ізгі құндылықтарды, аса пәк, әділет үшін күрескен өмір өнегесін қалдырды. Әйгілі Р.Тагор: «Ганди кедейлердің арасына солар сияқты киініп баратын. Адамзатқа халыққа қызмет етудің теңдессіз үлгісін сыйлап кетті» депті.


Замандастары Гандиді «Адамзаттың ұяты» деп атады. Өйткені ол дүниенің байлығын, барлық лауазымын мансұқ етті. Үнді ұлттық конгресінің көсемі бола тұрып, конгрестің ресми басшысы болудан бас тартты. Беделі жер жарып тұрса да, Үндістанның премьер-министрі етіп Джавахарлал Неруді қойды. Ол біреуді соттатқанды, дүние-мүлкін тартып алғанды, өлтіргенді қойып, адамға қиянат жасаудан түршігетін.

Ганди бүкіл ғұмырын плантациядағы жұмысшылардың, шахтерлердің, қолөнершілердің, кәсіпкерлердің құқығын қорғауға арнады.

Гандидің өмірі екі рухани ұстыннан тұрды: әуелгісі – брахмачария, (яғни өзін-өзі шектеу ілімі), екіншісі – сатьяграха (Үндістанда әділ қоғам құру үшін қара бұқараның құқықтарын шектейтін заңдарға қарсы күш қолданбай күресу жолы).

1906 жылы брахмачария сертін қабылдап, жеке меншік мүліктің бәрінен бас тартты. Тамақ мәзірін өзгертіп, ет жемейтін болды. Өйткені адам түгілі, тірі жәндікке зиян тигізбеуді қалады. Жыныстық ләззатты мансұқ етті. Ас пен ақшадан, ойын-сауықтан тыйылды.

Ганди бұл сертті өз отбасына да енгізді. Бала-шағасы мен туыстары да брахмачария сертін қабылдады. Ганди пақыр киімін киді.

Ганди өз естеліктерінде «Рамаянаны» оқып, ұлт көшбасшысына айналу үшін ұзақ жыл дайындалғанын жазады. Мұндай ауыр жүкті мойнына алған тұлға жеке басының қамы үшін қарекет етпеуі керек дегенді алға тартады. Екінші шарт – халық үшін қасірет шегу. Бұл шартты үндінің мәдени мұрасы «Бхагаватгитадан» алдым дейді.

Ұлы Ганди Үндістанға тәуелсіздік әперіп, мемлекетінің негізін қалап кетті. Ол 1948 жылы 30 қаңтарда кісі қолынан қаза тапты. Екі-ақ қабат бөз матаны жамылып жүріп дүниеден өтті. Соңында сабақты ине де қалмады.

БҰЛ КІСІ

Бұл кісі, яғни Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы Қаскелең ауданы Шамалған ауылында дүниеге келді. Ей, қойшы... бәрі белгілі ғой онсыз да...

P.S. Қазақстандағы бітеу, дүлей, малкеуде саясаттан шаршадым.

kondihul@yandex.kz

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG