Accessibility links

Грекиядағы дағдарыс бюджет ережесін бұзудан туды


Германия мен Францияның басшылары еуро аумағының бюджет ережесін қатаң сақтауға шақырды. Ангела Меркель мен Николя Саркози бұл үндеуін Грекиядағы өз бюджетінің орасан зор тапшылығынан туған қаржы дағдарысына байланысты жариялады.

Бүгін Грекия парламентінде мемлекеттік шығындарды күрт қысқарту туралы үкіметтің жоспары дауысқа қойылады.

Мұндай жоспарды қабылдау – Грекияға 110 миллиард еуро мөлшерінде халықаралық көмек берудің шарты болып табылады.

Бүгін Moody's рейтинг агенттігі бұл дағдарыстың бірқатар Еуропа елінің банк саласына теріс ықпал етуі мүмкін деп мәлімдеді. Агенттіктің пікірінше, олардың қатарында Ұлыбритания, Ирландия, Испания, Италия и Португалия бар.

Кеше Афинаның орталығында қақтығыс болды. Үкіметтің экономикалық шараларына қарсы наразылық шеруіне шыққан халықты қуып тарату үшін полиция көзден жас ағызатын газ қолданды.
Бір топ адам бірнеше ғимаратты өртеді. Банктердің бірінен шыққан өрттен 3 кісі қаза тапты.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG