Accessibility links

Кремль: Поляк президентінің ұшағы өртенбей құлаған


Ресейдің Бас прокуроры Юрий Чайка Польшаның Бас және әскери прокуратураларының делегацияларымен кездесуі барысында Польша үкіметінің ұшағында не өрт, не жарылыс болуы мүмкін деген жорамалды толығымен теріске шығарды.

Чайканың айтуынша, ұшақтың моторы жерге соғылғанша істеп тұрған, оны техникалық комиссия анықтаған.

Оған қоса Ресей прокуратурасы Кремльдің ұшақ апатының себептері тергелген барлық материалды Варшаваға беру мүмкіндігін қарастырып жатқанын хабарлады..

96 жолаушы, оның ішінде Польша президенті Лех Качинский мен жоғары лауазымды ондаған шенеунек, саясаткер мен әскерилер отырған ұшақ Ресейдің Смоленск қаласының түбінде 10 сәуір күні апатқа ұшырды.

AzattyqTV

Ресей мен Беларусь

Жұрт неге наразы?

XS
SM
MD
LG