Accessibility links

Англияда үкіметті консерваторлар жасақтау мүмкін


Ұлыбритания 1974 жылдан бері алғаш рет парламентінде бірде-бір партияның басым дауысы жоқ қолайсыз жағдайға тап болды. Парламент сайлауында Дэвид Кэмерон бастаған консерваторлардың даусыз жеңіске жетуіне қарамастан, жалғыз осы партияның өз үкіметін жасақтауына қажетті 326 дауысқа шамамен әлі 20 дауыс жетпейді.

Бастапқы мәліметке қарағанда, билік басында болған лейбористер парламенттегі 100-ге жуық мандатынан айрылады. Сайлаудың бастапқы қорытындысы – алдыңғы парламенттегіден аз мандатын алатын либерал-демократтар үшін күтпеген жайт болды. Сайлаудың қарсаңындағы сауалнамаға құарағанда, олар лейбористермен тең келе жатты.

Британ парламентіне алғаш рет жасылдар партиясынан 1 депутат өтті. Сайлаушылардың белсенділігі 65.2 % пайызға жетіп, бұрығымен салыстырғанда жоғары болды.

Қазір жетекші партиялардың көсемдері коалициялық үкімет жасақтаудың мүмкіндігіне алаңдап отыр. Сарапшылар консерваторлардың көсемі Дэвид Кэмерон құрама үкімет жасақтауы мүмкін деп жориды.
XS
SM
MD
LG