Accessibility links

«Үлкен сегіздік» Грекия тағдырын талқылайды


АҚШ-тың қаржы министрі Тимоти Гейтнер «Үлкен жетілік» елдері қаржы министрлерінің жұма күнгі мәжілісінде ауыр қаржы дағдарысына душар болған Грекияға көмек беру жоспарын талқылайды.

АҚШ, Канада, Франция, Германия, Италия және Жапонияның қаржы министрлері конференц-байланысы бойынша телефон-мәжілісін өткізеді. Тақырыбы – Халықаралық валюта қоры мен ЕуроОдақ және Грекия арасындағы Афинаға халықаралық несие бөлу туралы келісім болмақшы.

Жексенбі күні Вашингтонда Грекияға 30 миллиард еуроа несие бөлу мәселесін Халықаралық валюта қорының басшылығы талқылайды.

Грекияға тағы 80 миллиард еуро несиені ЕуроОдақ бөледі.
XS
SM
MD
LG