Accessibility links

Ирландияның әуежайлары тағы да жабылды


Ирландияда соңғы аптаның ішінде осымен үшінші рет әуежайлардың көпшілігі, оның ішінде Дублиндегі халықаралық әуежай жабылып қалды. Оған Исландиядағы жанартаудан көтерілген күлдің бұлты себеп болды.

Әуежайлар жұма күні түс қайта ашылуға тиіс. Алайда исланд мамандарының жорамалы бойынша, Солтүстік-Батыс Еуропаның әуе кеңістігінде ахуал нашарлауы мүмкін. Өйткені, соңғы күндері жанартаудың атқылауы күшейе түсті.

Өткен сәуір айында жанартаудан көтерілген күл мен шаңның бұлтынан бірнеше күн бойы Еуропаның бірқатар елінде әуежайлар жабылып, ұшақ қатынасы үзілген болатын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG