Accessibility links

Тәжікстанда 4 бала қыршын болды, 20-сы хабарсыз кетті


Тәжікстанның Хатлон облысында лай судың көшкінінен 4 бала қыршын болып, тағы 20-сы хабарсыз кетті деп есептеліп отыр.

Нөсер жаңбырдың салдарынан көтерілген сел Куляб ауданын бүгін түнде шайып өтті. 100-ден астам тұрғын үйге зиян келді.

Тәжікстанның Төтенше жағдайлар бойынша министрлігі хабарлағандай, Куляб горнизонындағы Ресей әскери базасының басшылығы жергілікті тұрғындарға көмекке техника мен жауынгерлерді жұмылдырды.
XS
SM
MD
LG