Accessibility links

Германия Грекияға көмек беруге қатысады


Германия парламентінің төменгі палатасы - Бундестаг – Берлиннің Грекияға шұғыл қаржылай көмек көрсету бағдарламасына қатысуын мақұлдады. Оны 390 депутат қолдап дауыс берсе, 72 депутат қарсы шықты.

Көмек бағдарламасына сәйкес, ЕуроОдақ елдері Грекияға 80 миллиард еуро несие бөледі, оның ішінде жалғыз Германия 22,4 миллиард еуро береді.

Бағдарламаны ЕуроОдақтың еуро аумағына кіретін 16 елі басшыларының бүгін Брюссельде өтетін басқосуында толық мақұлдауға тиіс.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG