Accessibility links

Ресей президенті сталинизмді сынады


Ресей президенті Дмитрий Медведев Совет Одағын билеген саяси режимді «тоталитаризм» деп атады.

Жұма күні «Известия» газетінде шыққан ауқымды сұхбатында Медведев ІІ-дүниежүзілік соғыс пен соғыстан кейінгі Ресейге қатысты сауалдарға ерекше кең жауап береді. Оның ішінде Ресей президенті адамның «ең басты құқы мен бостандығын аяққа таптаған тоталитарлық режимнің кесірінен соғыста жеңіке жеткендердің бір бөлігі соғыстан кейін лагерлерге айдалды» деп мәлімдеді.

Д.Медведев ІІ-дүниежүзілік соғыс кезіндегі мұрағаттардан толығымен құпия белгісін алып тастау керектігін атап көрсетті. Сонымен қатар ол Сталиннің өз халқына қарсы жасаған қылмыстарына ешқашан кешірім болмайтынын мәлімдеді.

«Ресейде Сталин бейнелеген ешбір плакаттар мен сталинизмнің рәміздері болмайды», - деп мәлімдеді Ресей президенті Д.Медведев.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG