Accessibility links

Грекияға көмек беруді неміс парламенті толық қолдады


Германия парламентінің жоғарғы палатасы да ауыр қаржы дағдарысына душар болған Грекияға халықаралық көмек беру бағдарламасына Берлиннің қатысуын мақұлдады.

Еуропа Одағы Халықаралық валюта қорымен бірлесіп Грекияға 110 миллиард еуро мөлшерінде жеңілдетілген несие беруді жоспарлап отыр. Ол несиенің ең қомақты бөлігін – 22.4 миллиард еуросын Германия беруге тиіс.

Одан бұрын бағдарламаға қатысу мәселесін неміс парламентінің төменгі палатасы – Бундестаг мақұлдаған болатын.

Бағдарламаны ЕуроОдақтың еуро аумағына кіретін 16 елі басшыларының бүгін Брюссельде өтетін басқосуында толық мақұлдауға тиіс.

AzattyqTV

Оңтүстік Қазақстан

Тозығы жеткен Сайрам жолы

XS
SM
MD
LG