Accessibility links

Пәкістан зымырандарын сынақтан өткізді


Пәкістан қысқа қашықтықтағы екі зымыранын сынақтан сәтті өткізгенін мәлімдеді. Премьер-министр Юсуф Реза Гилани мен жоғары лауазымды әскери қызметкерлер "Газнави" мен "Шахин" баллистикалық зымырандарының ұшырылуын бақылады. Бұл зымырандар ядролық оқтұмсықтарды тасымалдай алады.

Пәкістан әскери күштері елдің қорғаныс қабілеттерін күшейту үшін зымырандарын тәжірибеден өткізгендерін айтып отыр. Пәкістан мен аймақтағы оның қарсыласы Үндістан ядролық бомбаларға ие.
XS
SM
MD
LG