Accessibility links

Саркози мен Берлускони Мәскеуге бармайтын болды


Франция президенті Николя Саркози мен Италия премьер-министрі Сильвио Берлускони Ресейге сапарын тоқтаттты. Олар жексенбі күні Мәскеуде Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуының 65 жылдығын атап өту шараларына қатысуды жоспарлаған еді. Ресей астанасындағы Франция елшілігінің хабарлауынша, еуроаймақтағы қаржы дағдарысын ескере отырып, президент жексенбі күні келіссөздер өткізу үшін Францияда болуы тиіс. Францияның атынан Мәскеудегі мерейтоға француз елшісі қатысады деп хабарланып отыр.

Италия тарапынан Берлусконидің орнына кімнің баратындығы жөнінде әзірше ресми мәлімдеме жасалмады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG