Accessibility links

НАТО күштері Ресейдегі парадқа қатысты


НАТО-ға мүше елдердің әскери күштері жексенбі күні Мәскеудің Қызыл алаңындағы парадқа қатысты. Ресей астанасындағы бұл шара Екінші дүниежүзілік соғысының аяқталуының 65 жылдығын атап өту үшін ұйымдастырылып отыр. Осы жылғы Жеңіс күні парады Совет одағы ыдыраған соң өткізілген ең үлкен марш болды.

Парадта жасаған мәлімдемесінде президент Дмитрий Медведев: "Қантөгіс болып, көз жасы ағылды. Жеңіске жетуіміз керек еді, әйтпесе құлдарға айналар едік. Соғыс бізді мықты ұлт етті", - деп атап көрсетті.

Мұндай шараға соғыс кезінде одақтас болған АҚШ, Франция, Британия, Польша және бұрынғы Совет мемлекеттерінің әскери күштері алғашқы рет қатысты. Ресей армиясының 10 мыңға жуық сарбазы жұмылдырылды. Парадта Ресейдің 127 әскери ұшағы мен танктері және ядролық зымырандары көрсетілді.

Мәскеудегі шараға әлем елдерінің басшылары, олардыің ішінде Қытай президенті Ху Цзиньтао, Германия канцлері Ангела Меркель және бұрынғы Совет елдерінің жетекшілері қатысты.

1941-1945 жылдардағы соғыста бұрынғы Совет одағының 27 миллион халқы құрбан болған еді.

Батыс Еуропа елдері Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуын сенбі күні атап өтті.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG