Accessibility links

Дағыстандағы жарылыстан 1 адам қаза тапты


Ресейдің Дағыстан аймағындағы әскери база жанында көлік жарылып, бір адам қаза тапты деп хабарланып отыр. Жарылыс жексенбі күні Каспийск қаласында болған. Ресми өкілдердің айтуынша, көліктің ішіндегі адам қаза тапқан.

Дағыстан, Ингушетия және Шешенстан республикаларында Мәскеуден бөлініп шығуды қалайтын исламшыл бүлікшілер жиі шабуылдар ұйымдастырады.
XS
SM
MD
LG