Accessibility links

Медведев Сирия мен Түркияға барады


Ресей президенті Дмитрий Медведев бүгін Сирия мен Түркияға сапарын бастайды. Медведев Дамаскіде Сирия президенті Башар әл-Ассадпен кездеседі. Ресей президентінің көмекшісі Сергей Приходконың мәлімдеуінше, екі ел жетекшілерінің келіссөздерінде экономикалық және әскери-техникалық ынтымақтастық пен Таяу Шығыстағы бейбітшілік мәселесі талқыланбақ.

Медведев Сириядан кейін сейсенбі күні Анкараға барып, Түркия басшыларымен кездеседі.
XS
SM
MD
LG