Accessibility links

ЕуроОдақ дағдарыспен күрес жоспарын мақұлдады


Еуропа Одағының қаржы министрлері Грекия сияқты экономикалық проблемаларға тап болған еуроаумақ елдеріне көмектесуге бағытталған 750 миллиард еуролық төтенше несие қорын құруға келісті. Ресми өкілдердің айтуынша, көмек жоспарына сәйкес, Еуропа комиссиясы 60 миллиард еуромен қамтамасыз ететін болады, ал еуро валютасын пайдаланатын 19 мемлекет 440 миллиард еуро беруге уәде етеді. Сонымен қатар Халықаралық валюта қоры қосымша 250 миллиард еуро қаржы бөлетін болады.

Еурокомиссиясының экономикалық және қаржы мәселелері бойынша комиссары Олли Реннің мәлімдеуінше, дағдарыспен күрес жоспары Еуропа Одағының еуроны қорғауға дайын екендігін көрсетеді.
XS
SM
MD
LG