Accessibility links

Ирақта жарылыс құрбандарының саны 70-тен асты


Ирақтағы шабуылдардан қаза тапқандардың саны 70-тен асты. Елдегі жарылыстар мен атыстардан 200-ге жуық кісі жарақат алған. Хилла қаласындағы екі көлік жарылысынан кемінде 35 адам мерт болып, 140 адам жараланды. Оның алдында Ирақтағы шабуылдардан 13 адам қаза тауып, 30-дан аса кісі жарақат алды деп хабарланған болатын. Ресми мәліметтерге сәйкес, Бағдадта қарулы адамдар кемінде 6 полицей мен тексеру бекеттеріне шабуылдап, 7 адамды өлтірген. Екі адам Ирақ астанасының оңтүстігі мен батысындағы бірнеше шабуылдан мерт болған. Сонымен қатар Бағдадтың батысындағы Фаллужа қаласында бомбалық шабуылдар тіркеліп, 4 адам опат болған.

AzattyqTV

Қырғызстан

Саматтың арманы

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG