Accessibility links

Қырғызстан Латвиядан Бакиевтің ұлын тұтқындауды сұрайды


Қырғызстан "биліктен тайдырылған қырғыз президенті Құрманбек Бакиевтің баласы Максим Бакиевті тұтқындаңдар" деп, Латвия билігіне өтініш айтты.

Латвия бас прокуратурасының өкілі Андрейс Васкстың хабарлауынша, Рига Бішкектен өтінішін нақтылауды талап етіп отыр. Өйткені латвиялық мекеме хаттың мазмұны «түсініксіз және кереғар» деп есептейді.

Васкстың айтуынша, Максим Бакиев Латвияда жүр деген мәлімет жоқ. Өткен айда тақтан тайған Құрманбек Бакиевтің өзі Беларусьті паналаған.
XS
SM
MD
LG