Accessibility links

Филиппинде сайлау өтті


Сейсенбі, мамырдың 11 күні жарияланған алдын-ала есептеу барасында Филиппиндегі президенттік сайлауда бұрынғы президент Корасон Акиноның ұлы Бениньо Акино ең көп дауыс жинағаны белгілі болды.

Акиноға сайлаушылардың 40%-дан астамы дауыс берген.

Оның қарсыласы, бұрынғы президент Джозеф Эстрада 25% дауыс жинады.

Сайлау комиссиясының хабарлауынша, сайлаушылардың 75%-ы дауыс берген.
XS
SM
MD
LG