Accessibility links

Ресей мен Сирия басшылары келіссөз өткізеді


Ресей президенті Дмитрий Медведев Дамаскіде сириялық әріптесі Башар әл-Ассадпен кездесті. Бұл Ресей жетекшісінің Сирияға жасап отырған алғашқы сапары. Башар әл-Ассад дүйсенбі күні президент резиденциясында Медведевтің құрметіне ресми ас берді. Екі ел басшылары бүгін келіссөздерін жалғастырып, бірлескен баспасөз мәслихатын өткізеді.

Келіссөздерде экономикалық және әскери ынтымақтастық мәселесі, сонымен қатар Таяу Шығыстағы бейбітшілік үдерісі талқыланып, екіжақты құжаттарға қол қойылады.

Медведев Сириядан кейін Түркияға аттанады.
XS
SM
MD
LG