Accessibility links

Жанартаудың тозаңынан Испанияның жеті әуежайы жабылды


Сейсенбі күні Испанияның жеті әуежайы жанартаудан көтерілген шаң-тозаң кесірінен жабылып қалды.

Испанияның әуежайлар мен навигация жөніндегі басқарма бұйрығымен Тенериф аралының оңтүстігі мен солтүстігіндегі, одан өзге Пальма, Хомера, Херес, Севильия және Бадахос қалаларының әуежайы жабылған.

Сонымен бірге, Испания кеңістігінде 6600 -11550 метр биіктікте ұшуға шектеу қойылды.

Жақын арада Атлантикадан жылжып келе жатқан жанартаудың күлді тозаңы Еуропаның оңтүстігіне, Грекия мен Түркияға жетуі мүмкін. Сәрсенбі күні күлді тозаң Испанияны толығымен басып қалады деген болжам бар.
XS
SM
MD
LG