Accessibility links

Иран түрмедегі АҚШ азаматтарының туыстарына виза берді


Иран сыртқы істер министрлігінің мәлімдеуінше, Теһран шілде айында шекарада тұтқындалған үш американдық азаматтық аналарына виза берген. Дүйсенбі күні Иран сыртқы істер министрі Манучехр Моттаки "гуманитарлық негізде" осындай шешім жасалды деп атап көрсетті.

Иранның билік орындары Шэйн Бауер мен Сара Шоурдты және Джош Фатталды заңсыз шекарадан өтті, тыңшылық жасады деп айыптап отыр. Қамауға алынған американдықтардың туыстары мен АҚШ үкіметі бұл айыптауларды жоққа шығарып, оларды босатуға шақырды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG