Accessibility links

Медведев Израилді басып алынған жерлерді қайтаруға шақырды


Ресей президенті Дмитрий Медведев пен Сирия президенті Башар әл-Ассад Израилді 1981 жылы тартып алынған Голлан жоталары мен 1967 жылы басып алынған барлық Араб жерлерін босатуға шақырды. Бұл туралы олар Дамаскіде өткізген екікүндік келіссөздерінен кейін мәлімдеді. Медведев пен әл-Ассад Араб-Израиль жанжалын шешу мәселесіне үлес қосуға уәде етті.

Президент Медведев Сирияға дүйсенбі күні барған болатын. Бұл Ресей мемлекет басшысының Сирияға жасап отырған алғашқы сапары. Медведевтің мәлімдеуінше, Ресей мен Сирияның әскери ынтымақтастығы "екіжақты мүдделер мен халықаралық міндеттемелерге" сай нығаяды. Сонымен қатар екі жақ энергетика саласында ынтымақтасуға уәде етті.
XS
SM
MD
LG