Accessibility links

Мәжіліс Назарбаевқа ұлт көсемі мәртебесін беру туралы заң жобасын қарамақ


Қазақстан парламентінің төменгі палатасы сәрсенбі күнгі отырысында президент Нұрсұлтан Назарбаевқа ұлт көшбасшысы мәртебесін беру жөніндегі заң жобасын қарайды. Бұл туралы мәжілістің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Мамырдың 5-де парламент мәжілісінің депутаттары - Розақұл Халмұратов, Светлана Ферхо, Әмзебек Жолшыбеков - Қазақстанның тұңғыш президентіне «ұлт көшбасшысы» мәртебесін беруді ұсынды. Депутаттар Назарбаевты қылмыстық және әкімшілік қудалаудан сақтауды, өзімен қоса отбасының мүлкіне ешкімнің тиіспеуін қалап отыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG