Accessibility links

Дэвид Кэмерон - Ұлыбританияның жаңа премьер-министрі


Ұлыбритания ханшайымы Екінші Елизавета парламент сайлауында жеңіске жеткен консерваторлар партиясының басшысы Дэвид Кэмеронға жаңа үкімет жасақтауды тапсырды.

Кэмерон Екінші Елизаветаның 57 жыл билігі кезеңінде 12-ші үкімет басшысы атанды. Оның бұл қызметке отыруы тори партиясының либерал-демократтармен коалиция құруы нәтижесінде мүмкін болып отыр.

43 жастағы Дэвид Кэмерон ел тарихындағы соңғы 200 жылда ең жас британ премьер-министрі атанды. Ол 2005 жылы консерваторлар партиясының басшысы болып сайланды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG