Accessibility links

Пәкістанның Ирандағы елшісі алған соққыға жығылып, ауруханаға түсті


Пәкістанның Ирандағы елшісі Мохаммадбахш Аббаси сейсенбі күні ТеҺранда жасалған шабуылдың салдарынан жарақат алып, ауруханаға түсті. Бұл туралы Иран Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Рамин Мехманпараст хабарлады.

«Шабуыл жасаушының қолында ешқандай қару болмаған. Аббаси соққының салдарынан кішігірім дене жарақаттарын алған. Қазіргі таңда оның денсаулығы ешқандай алаңдаушылық туғызбайды», - деп атап көрсетті министрлік өкілі.

Оқиға елші жаяу серуендеп жүрген кезде болған.

Шабуылды ауғандық азаматтың жасағаны анықталды. Ол ұсталып, қазір тергеуден өтіп жатыр.
XS
SM
MD
LG