Accessibility links

Францияда пәренжеге қатысты қарар қабылданды


Франция Ұлттық ассамлеясы қоғамдық орындарда пәренже киюді шектеуге кеңес беретін резалюция қабылдады.

Резолюцияда пәренже кию - Франция елінің құндылықтарына нұқсан келтіреді деп көрсетілген. Шешім әзірге тек кеңестік сипатқа ие, дегенмен резолюция, қоғамдық орындарда пәренже киюге тыйым салатын заңның қабылдануына жасалған алғашқы қадам.

Мамырдың 19 күні резолюция Министрлер кеңесінің қарауына жіберіледі. Шілденің басында оны Ұлттық ассамблея депутаттары талқылап, қыркүйекте - сенаторларға жіберіледі. Тиісті заң күзде қабылдануы мүмкін.

Францияда тұратын алты миллионға жуық мұсылмандардың екі миллионға жуығы пәренже киеді.
XS
SM
MD
LG