Accessibility links

Пайғамбар карикатурасымен танылған суретшіге қастандық жасалды


2006 жылы Мұхаммед пайғамбардың бейнесіне жасалған карикатурамен танымал болған шведтің 53 жасар суретші-карикатурашысы Ларс Вилкстің мәлімеуінше, оны дәріс беру барысында белгісіз біреулер басынан ұрып кеткен.

Оның сөзінше, бұл жайт шведтің Упсала қаласындағы университетте дәріс оқып тұрған кезде болған. Дәріс барысында 15 адамның құрылған топ Вилкстің дәрісті тоқтатуын талап етіп айқайлаған. Суретшінің көзілдірігін сынғаны болмаса, өзі аса жарақат алмаған.

Швед карикатурашысына бірнеше рет ескертулер жасалғанымен, Вилксқа бұған дейін ешкім тиіспеген еді.

2007 жылдың тамыз айында шведтің Nerikes Allehanda басылымы, Мұхаммед пайғамбарды иттің денесіндегі суретіін жариялаған еді.
Өткен жыылы қыркүйекте «Әл-Қаидамен» қатысы бар ирак экстремистік тобының басшысы карикатурашының басына 100 мың доллар тіккендігін жариялаған болатын.


AzattyqTV

XS
SM
MD
LG