Accessibility links

Бішкекте наразылық шарасы өтіп жатыр


Бішкекте Үкімет үйінің алдындағы ескі алаңда екі мыңға жуық жас жиналып, биліктен қуылған президент Құрманбек Бакиевті елге қайтаруды талап етіп наразылық шарасын өткізіп жатыр, дейді Азаттық тілшісі.

Одан өзге олар, жанар-жағар май бағасының көтерілуі мен уақытша үкіметтің елдегі жағдайды әлі жөнге келтіре алмай жатқандығына наразылығын білдіріп, Қырғызстанның Қазақстан мен Өзбекстанмен арада шекараларын ашуды талап етуде.

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, жиналғандар арасында Бішкектің бұрынғы әкімі Нариман Тулеевті қызметіне қайтару туралы парақшалар таратылып жатыр.

XS
SM
MD
LG