Accessibility links

Пәкістандық тәлібтер АҚШ санкцияларына ұшырауы мүмкін.


АҚШ үкіметі Пәкістандағы "Талибан" қозғалысының бір бөлімшесін террористік ұйымдар қатарына енгізуі мүмкін.

Американың мемлекеттік департаментінің ресми өкілі Филип Кроулидің айтуынша, мамырдың 1 күні Нью-Йорктегі Таймс-скверде терраристік акт ұйымдастырмақ болған "Техрик-и-Талибан" тобының, Вашингтонда жасалатын тізімге енуі мүмкін.

Тергеу ісі, бұл іске қатысты ұсталған АҚШ азаматтығын алған пәкістандық Файсал Шахзад пәкістандық тәлібтермен байланысы бар деген болжам айтады.


AzattyqTV

XS
SM
MD
LG