Accessibility links

Аустралияда "әскери қылмыстар жасады" деген күдікке ілінген серб азаматы ұсталды


Хорватия билігі іздеу салған Аустралия азаматы, сербиялық офицер Драган Василькович тұтқындалды. Ол Аустралияның Жоғарғы соты экстрадициялауға рұқсат бергеннен кейін бір ай өткенде ғана қолға түсіп отыр.

Сербиялық офицер Василькович 1990-жылдардағы Балқан соғысында хорват ауылдарындағы тұрғындарды көшіріп, тұтқындарға зорлық-зомбылық көрсетті деп айыпталып отыр.

Көпшілікке "Капитан Драган" деген атпен танымал Василькович әскери қылмысқа өзінің еш қатысы жоқ екендігін мәлімдеді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG