Accessibility links

Бразилия - Гаитиді қалпына келтіру қорына қаржы аударған алғашқы мемлекет


Бразилия Гатиді қалпына келтіру Дүниежүзілік банк қорына қаржы салған бірінші мемлекет болды.

Вашингтонда Бразилияның Дүниежүзілік банк қорына 55 миллион доллар беру туралы құжатқа қол қою рәсімінде сөз сөйлеген қор президенті Роберт Зеллик "Гаитиді қалпына келтіруге қол ұшын берем" деген өзге де елдерді уәделерін орындауға шақырды.

Наурыз айында Нью-Йоркте өткен халықаралық донорлар конференциясында әлем елдері алдағы он жыл ішінде Гаитидің қалпына келтіруіне 10 миллиард доллар беретіндіктерін айтқан еді.

Гаитиде биыл қаңтардың 12-сі күні жойқын жер сілкінісі болып, кем дегенде 200 мың адам қаза тапты.
XS
SM
MD
LG