Accessibility links

Б.Обама мен Х.Карзайдың келіссөзі аяқталды


АҚШ президенті Барак Обаманың әкімшілігі ауған президенті Хамид Карзаймен 2 күн жалғасқан келіссөзін аяқтады.

Обаманың әкімшілігінен хабарланғандай, Ақ үйдің алдында ауған қоғамын азаматтық бағытта реформалаудың соғыс қимылдарымен үйлестірілген бірізді стратегиясын әзірлеу міндеті тұр.

Келіссөзден кейін президент Обама АҚШ-тың атынан Ауғанстандағы бейбіт тұрғындардың қазасы мен зардап шегуін мүмкіндігінше азайтуға сөз берді.

Пентагон жариялаған мәлімет бойынша, осы жылдың алғашқы төрт айында НАТО күштері 90 бейбіт тұрғынның қазасына себепкер болды. Ал өткен жылдың осы мерзімінде 51 бейбіт тұрғын мерт болды.

Ауғанстан мен АҚШ президенттерінің Вашингтонда өткізген баспасөз маслихатында Б.Обама ауған тұрғындарының қазасы туралы ақпарат өзін қатты қынжылтатынын айтты.

AzattyqTV

Екінші Елизавета

91 жастағы патшайым

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG