Accessibility links

Англия: 500 еуроны қылмыскерлер көп ұстайды


Англияда банктер ақша айырбастау операциясы кезінде 500 еуролық қағаз ақшаны сатпайды. Қылмыскерлердің заңсыз жолмен тапқан ақшаларын «заңдастыру» үшін 500 еуролық қағаз ақшаны тым жиі пайдалануына байланысты осындай шешім қабылданды.

Таяуда Англияда арам ақшаны заңдастырумен айналысқан 13 кісілік топ тұтқындалып сотталды. Осындай операциялардың бірінде олар бірыңғай 500 еуролық ақшадан тұратын 300 мың еуроны шағын картон қорапқа салып алып жүріпті.

Әйтсе де 500 еуроны фунт стерлингке кез-келген банкте айырбастауға болады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG