Accessibility links

Ошта ескі және жаңа әкімдердің жақтастары өзара төбелесті


Қырғызстанның оңтүстігіндегі Ош қаласында уақытша үкімет тағайындаған жаңа әкімнің жақтастары осыған дейін жаңа биліктің қарсыластары басып алған әкімдік ғимаратын босатпақ болды.

Әкімдік алдындағы алаңда екі әкімнің жақтастары өзара төбелесіп қалды.

Осыған дейін біздің жергілікті тілшіміз биліктен қуылған президент Құрманбек Бакиевтің 500-ге тарта қолдаушысы облыс әкімдігінің ғимаратын басып алғанын хабарлаған болатын. Милиция оқиғаға араласпай, сырттан бақылап тұрды.

7 сәуірдегі халық толқуы кезінде құрбан болған 80-нен астам адамның жақындары осы бейсенбі күні Бішкектегі беларус елшілігі алдында наразылық ереуілін өткізді. Олар биліктен қуылған президент Құрманбек Бакиевті ұстап беруді талап етті. Ол Беларусті паналап отыр.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG