Accessibility links

Дағыстанда милиция емес, 5 байланысшы қаза тапты


Дағыстанның Сергокалинск ауданында автокөлік жарылысынан, соңғы мәлімет бойынша, байланыс саласының 5 қызметкері қаза тапты.

Оларға серік болып жүрген 4 милиция қызметкері жараланған. Ол туралы Ресей прокуратурасының тергеу комитеті хабарлады.

Байланыс саласының қызметкерлері отырған автокөлік ұялы телефон байланысы операторының өткен түнде атқылауға ұшыраған бекетіне келе жатқан кезінде жарылғаш іске қосылған көрінеді.

Осы қастандық бойынша қылмыстық іс қозғалды.
XS
SM
MD
LG