Accessibility links

Дотациядағы ұлт



Жүрекке ауыр салмақ болса да айтайық: қазақ ұлт ретінде дотацияда отырған ел. Өз мемлекетінде, ХХІ ғасыр институттары бүкіл әлемге жария болған заманда 10 миллион қазақтың осындай халде қалуы – масқара жағдай.

1913 жылы «ауданды жұртымыздың, әруақты ұлтымыздың аты» деп, Ахмет қарақ (Ә.Бөкейханның сөзі) шуақты күндерді аңсап газет шығарыпты.

Шырақ Мадияр газеттің бас таңбасындағы киіз үйдің түңлігін «Еуропадан сәуле түссін деп», күнбатысынан ашыпты.

«Бостандық, теңдік, туысқандық! Осы үшеуі жоқ жұртқа тіршілік неге керек?» деп, ұлтының бетінің қызылы болған ағалары күйініпті.

Сол ұлы армандар сөнгелі, қазақ бір ғасырдан бері түнекте келеді.

Алматының аспаны – улы қара. Шаһарды байырқа тіршіліктің куәсі 500 мың көліктің түтіні бұлтпен құрсады деп мақтанамыз. Негативтің өзін позитивке айналдыруға шебер пиаршымыз. Елдің демократиялық көгі – көзге түртсе көргісіз. Ұлтымның көшбасшысы бар деп, соның нұрлы сәулесіне иланғымыз келеді. Түн баласында атылған оқтар саясаткерлерді жусатып салады. 7 миллион ауыл бор топырағы борбайыңнан келетін шаңды қауып әлі жүр. Дотациядағы ұлт осының бәріне, - мемлекет жәрдемақы берсе, - бәріне көнбек екен.

Тышқан екеш тышқан да түйенің төбесінен Күнге мойнын созып қараушы еді...

Түнге қамалған ұлтты ауылшаруашылық субсидиямен, «мемлекеттік тілге» қолдаумен, бірдеңе пұлмен, бірнәрсе қайырымдылықпен құлағынан қанша сүйресең де, бәйге алмайды.

Бір жұтым таза суды аңсайды қазақ. Жалаңаяқ, жалаңбұт балаларға «кальций» деген дәрумен... Абстракциялық биік деңгейге көтерілген ғылым...

...һәм әділ, жария...

Ол болмаса – 1789!

arzimas@gmail.com
XS
SM
MD
LG