Accessibility links

Қызылорда облысының тұрғыны қырым безгегін жұқтырды


Қызылорда облысының Шиелі ауданында қырым қанды безгегінің таралу ошағы тіркелді деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.

Бейсенбі күні аймақта Сұлутөбе ауылының 44 жасар тұрғыны қырым безгегі диагнозымен облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына түскен. Науқаспен араласқан 11 адам бақылауға алынды. Жұқпалы кесел тіркелген аймақта эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізілді.
XS
SM
MD
LG