Accessibility links

«Назарбаев, кет!» саяси аштық акциясы уақытша тоқтады


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың биліктен кетуін талап етушілер бүгін саяси аштық акциясын уақытша тоқтату туралы шешім қабылдады.

Наразылық іс-шарасын ұйымдастырушы Жасарал Қуанышәлінің айтуынша, мұндай шешімге «Халық билігі» саяси блогының ашығушыларды акцияны тоқтатуға шақырған үндеуі түрткі болды. Үндеуде «Қазіргі саяси жүйе мұндай құрбандыққа тұрмайды, аштық жариялау жүйені селт еткізбеді» делінген.

Қуанышәлінің айтуынша, аштық уақытша тоқтағанымен, оны ұйымдастыру штабы жұмыс істей береді және алдағы уақытта ондаған адамның көпшілік аштық акциясы жариялануы мүмкін.

Алматы қаласында 14 күнге созылған аштық акциясы 1 мамырда басталған болатын. Ашығушылар билікке «Назарбаев, кет!», «адал сайлау», «әділ сот», «еркін БАҚ», «еркін митинг, пикет мен шерулер», «Қазақстандағы барша саяси тұтқындарды босату» деген алты талап қойды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG