Accessibility links

Қырғызстанда бір адам оққа ұшты


Қырғызстанның оңтүстігінде уақытша үкіметтің қолдаушылары аймақтық үкімет ғимараттарын өз бақылауына алмақшы болған кезде кемінде 30 адам жарақат алды. Бұл туралы елдің денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері хабарлады.

Биліктен қуылған президент Құрманбек Бакиевтің жақтастары бейсенбі күні Жалал-Абад, Ош және Баткендегі үкіметтік ғимараттарды басып алған еді. Жұма күні Жалал-Абадта екі жақ қақтығысып, бір-бірін атты.

"Азаттық" радиосы қырғыз қызметі тілшісінің айтуынша, бір адам оққа ұшқан.

Соңғы мәліметтерге қарағанда 3 адамды жедел жәрдем алып кеткен.
XS
SM
MD
LG