Accessibility links

ҮЗДІК ҮШ КОММЕНТАРИЙ


БІРІНШІ КОММЕНТАРИЙ

Әбден қанға құныққан қасқырдың алдына қошақан барып, «мені жемеңізші» дегені сияқты екен.

Азамат, Астанадан

(«Ұлт көшбасшысын мақұлдауды Сенат та сарғайтпады, ал оппозиция президентті оған қол қоймауға шақырды» деген мақалаға орай жазған пікір)


ЕКІНШІ КОММЕНТАРИЙ

Тез арада Қазақ-қырғыз шекарасы ашылсын! Мына видеодағы қырғыздарды көріп аяп кеттім. Олардың саудадан басқа табыс көзі жоқ. Алайда, біздің мәз болып отырғанымыз шамалы. Кеше базарға барып едім, 5000 теңге тұратын джинсы шалбарлар 10000 теңгеден асып кетіпті. Бұл не деген сұмдық! Назарбаевқа ұлт көшбасшысы деген атақ беріп жатқан кезімізде мен сияқты қазақтар шалбар ала алмай қиналып жүр.

666, (қай жерден жазғаны көрсетілмеген)

(«Дордой базары қаңырап қалды» деген бейнекөрініске орай жазылған пікір)

ҮШІНШІ КОММЕНТАРИЙ

Айналайын «Кенесары». Ұлттық арманды 20 жолға сыйдырған. Көңілімнің көпірі мұндағы жүкті көтере алмай қайысып барып, сынды. Көзім ашылып, жүрегімді сары жалқын бу шалды, заманның ауыр салмағы бойымды талдырып кетті. Қазақтың қайғысын көтерген шағын блог. Осы блогтағы бағдарлама Үкіметтің мың ойланса миына келмепті. Ат төбеліндей қазақты қалалық, индустриялық ұлтқа айналдыра алмаған, тентіреген жастарға баспана тауып бере алмаған билік Гандимен иық теңестіргісі келеді, ұлт көшбасысына айналды. Аяушылық пен ашу араласып, жүрегімді лоблытты.

Кендіқұл, (қайдан жазғаны көрсетілмеген)

(«Дотациядағы ұлт» деген блогқа орай айтылған пікірі)
XS
SM
MD
LG