Accessibility links

ҰҚК: Қырғызстандағы толқулар Қазақстаннан қаржыландырылмаған


Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік комитеті биліктен қуылған қырғыз президенті Құрманбек Бакиевтің ұлы Марат Бакиевтің Алматыда екендігі жөніндегі ақпаратты жоққа шығарды. Қырғызстанның ұлттық қауіпсіздік қызметінің басшысы Кенешбек Душебаевтың ақпараты шындыққа жанаспайды, Марат Бакиев пен ол айтқан басқа да азаматтар Қазақстанда емес деп мәлімдеді Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз хатшысы Кенжеболат Бекназаров жұма күні "Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне берген түсініктемесінде. Бекназаровтың айтуынша, Қырғызстандағы толқулардың Қазақстаннан қаржыландырылуы мүмкін емес.

Оның алдында Душебаев бұрынғы президент Құрманбек Бакиевтің туыстарын уақытша үкіметке қарсы шараларды шетелден қаржыландырды деп айыптаған болатын. Қырғызстанның ұлттық қауіпсіздік қызметінде Марат Бакиев пен Бішкектің бұрынғы әкімі Нуриман Түлеевтің Алматыда екендігі туралы ақпарат бар деп атап көрсетті Душебаев. Олар жаппай толқуларды ұйымдастыру үшін
Қырғызстандағы жақтастарына 1 миллион доллар берген көрінеді дейді Душебаев.

AzattyqTV

Франциядағы сайлау

Кім президент болады?

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG