Accessibility links

Ресей билігі наразылық танытқан кеншілерді тұтқындады


Ресей билік орындары Междуреченск қаласындағы наразылық шарасынан кейін 28 адамды қамауға алды. Аймақтық полиция басшысы Александр Елиннің айтуынша, жұма күні кешке наразылық танытушы кеншілер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері арасындағы қақтығыстан 20-дан астам адам жараланған, олардың басым бөлігі полицейлер. Наразылық танытушылар қаланың темір жолын бөгеп, заңды бұзды дейді Елин.

Мамырдың 8-де Сібірдің Междуреченск қаласындағы "Распадская" шахтасында екі жарылыс болып, кемінде 66 адам қаза тапты, 24 адам табылмай жатыр. Сенбіде Кемеров облысында қаза болған кеншілерге қатысты аза тұту күні өтті.
XS
SM
MD
LG