Accessibility links

Адвокат: Иранда тыңшылықта айыпталған Франция азаматы ақталады


Иранда былтырғы даулы президент сайлауынан кейін тыңшылықта айыпталып қамауға алынған француз азаматы жексенбі күні ақталады деп хабарлайды оның адвокаты. Мохаммад Али Махдави-Сабеттің айтуынша, Клотилде Рейстің ісі аяқталған.

Кепіл ақшаға босатылып, Франция елшілігінде тұрып жатқан Рейс 12-маусымда президент Махмуд Ахмадинежад қайта сайланған соң Иран үкіметін тұрақсыздандыруға бағытталған әрекетке қатысты деп айыпталған болатын. Рейстің ісі Франция мен Иран арасындағы қарым-қатынастардың шиеленісе түсуіне түрткі болды.

AzattyqTV

Вашингтонға әйелдер маршы

Әлем елдері үн қосқан шеру

XS
SM
MD
LG