Accessibility links

Таиландтағы қақтығыста 16 адам қаза болды


Таиланд астанасында құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен үкіметке қарсы наразылық танытушылар арасындағы қақтығыс жалғасып жатыр. Бангкоктағы атыстан 16 адам қаза тапты.

Шерушілердің айтуынша, премьер-министр Абхисит Ветчатчиваның коалициялық үкіметі билікке заңсыз келген. Наразылық танытушылар парламенттің таратылуын талап етіп, жаңа сайлау өткізуге шақырып отыр.

БҰҰ бас хатшысы Пан Ги-мун Бангкок көшелеріндегі қақтығысты тоқтатуға шақырды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG